Шарттар мен құпиялылық
imedia kz · sabit.baitenov@gmail.com
Пайдалану шарттары
БалаӘлемі — танымдық материалдар, жаттығулар және ЖИ сұхбаты бар қызмет. Қазіргі серверлік сынақ ересектерге арналған. Жеке аккаунтыңызды пайдаланыңыз, басқа адамның деректерін рұқсатсыз енгізбеңіз, қорқытуға және заңсыз не зиян келтіруге бағытталған әрекеттерге қолданбаңыз. ЖИ жауабы маманның кеңесін, ресми білім беру бағасын немесе тексерілген тарихи дереккөзді алмастырмайды. Қызмет өзгертілуі немесе техникалық себеппен уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін. Қазіргі нұсқада онлайн төлем және ақылы жазылым іске қосылмаған.
Қолдану тәртібі
Сабақты оқып, жаттығуды орындаңыз. Тестте алдымен жауапты таңдап, «Жауапты тексеру» басыңыз. Қате нұсқа қызылмен, дұрыс нұсқа жасылмен көрсетіледі. Бірнеше жауапты сұрақта барлық дұрыс нұсқаны белгілеу керек. Түсіндірмеден кейін келесі сұраққа өтіңіз.
Аккаунт пен басқару
Аккаунтқа email коды арқылы кіруге болады. Google батырмасы серверде қосылғанда ғана қолжетімді болады. Ересек басқаруды 6 сандық PIN қорғайды; профильдер бөлек сақталады. Материалдар кабинеті — иесіне арналған бөлек құпиясөзбен қорғалған бөлім. Құпиясөз бен кіру кодын ешкімге бермеңіз.
Сұхбаттасу
Кейіпкерлер — тарихи деректерге сүйенетін ЖИ бейнелері. ЖИ қателесуі мүмкін: маңызды деректі дереккөзбен салыстырыңыз. Жеке және құпия мәліметтерді чатқа жазбаңыз. Қазіргі серверлік сынақ 18 жастан асқан пайдаланушыларға арналған.
Қайда сақталады?
Қонақтың оқу нәтижелері осы құрылғыда сақталады. Аккаунттағы профильдер мен олардың нәтижелері сервермен синхрондалады. Профиль атауы, чаттар мен оқу нәтижелері сервер базасында шифрланады. Кіру email-і және қызметтік метадеректер де серверде сақталады. Бұл — сервер әкімшісінен жасырылған end-to-end шифрлау емес.
ЖИ-ға не жіберіледі?
Жауап құрастыру үшін Gemini-ге соңғы хабарлама, алдыңғы 8 хабарламаның қысқартылған бөлігі, профильдің тіл/жас тобы, кейіпкер деректері және тапсырма мақсаты жіберіледі. Gemini кілті серверде шифрланып сақталады, APK-ға енгізілмейді. Жеке әңгіме мұғалімге көрсетілмейді; оған тек ата-ана қосқан сыныптың тапсырмалары мен нәтижелері ашылады.
Деректерді басқару
Профиль баптауында ЖИ келісімін өзгертуге, сыныптан шығуға және профиль деректерін басқаруға болады. Ортақ құрылғыда жұмысты аяқтаған соң аккаунттан шығыңыз және ересек басқаруды құлыптаңыз. Сервердегі резервтік көшірме негізгі құрылғыдан бөлек сақталады; ол профильді өшіргеннен кейін де өзінің сақтау мерзіміне дейін қалуы мүмкін.
Өтініш пен байланыс
Қызметке немесе деректеріңізге қатысты сұрақ, көшірме алу не өшіру өтінішін аккаунтқа кіру үшін қолданған email-ден sabit.baitenov@gmail.com мекенжайына жіберіңіз. Өтінішті орындау алдында аккаунттың сізге тиесілігін тексеру қажет болуы мүмкін. Құпиясөзді, PIN мен API кілтін хатқа қоспаңыз. ЖИ-ға жіберілген деректерге Google қызметінің шарттары да қолданылады.